Шымкентте Британ университетінің кампусы салынуы мүмкін

1616
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігініӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Майкл Джон Гиффордпен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен қаланың даму әлеуеті және инвестиция тарту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімі Қазақстан мен Ұлыбритания арасында тығыз және сенімді қарым-қатынас қалыптасқанын айтып, Ұлыбритания сауда айналымы бойынша Қазақстанның он сауда серіктесінің қатарында екенін атап өтті. Сонымен қатар, Біріккен Корольдік Қазақстандағы ірі инвесторлардың арасында алтыншы орында екенін жеткізді.
null
Шымкент — Орталық Азиядағы ең тартымды қалалардың бірі және негізгі транзиттік дәліздерді байланыстыратын ірі көлік хабы екенін айтқан Ғ.Әбдірахымов британдық компанияларды ақпараттық технологиялар, цифрландыру, сондай-ақ SmartCity бастамаларына инвестиция салуға шақырды.
null
Кездесуден кейін қонақтар «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына барды. Тараптар өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және білім салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Майкл Гиффорд мырза Шымкентте Британ университетінің кампусын салу жоспары бар екенін айтты. Өз кезегінде Рашид Аюпов үшінші мегаполистің инвестициялық тартымдылығы және Шымкентті дамыту бойынша ӘКК-нің ірі жоспарлары туралы баяндады.
nullnull