ШЫМКЕНТКЕ FLYARYSTAN ӘУЕКОМПАНИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҰШАҒЫ ҚОНДЫ

1171
Алматыдан Шымкентке FlyArystan лоукостерінің алғашқы рейсі ұшып келді. Әуежайда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостерді күтіп алып, еліміздегі алғашқы бюджеттік әуекомпаниясының жұмысына сәттілік тіледі.
– Еліміздің үшінші мегаполисіне арнайы келген Питер Фостер мырзаға алғысымды білдіремін. Алғашқы рейстің сәтті қонуымен құттықтаймын. Бұл – қала тұрғындары мен қонақтары үшін тамаша жаңалық. Өйткені біздің қаламыз арқылы көршілес облыс пен Өзбекстан азаматтары ұшады. Ендігі шымкенттіктер мен қала қонақтар арзан бағамен Оңтүстік астанаға ұша алады. Әуекомпаниясының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін, — деді қала әкімі.
Бұл бағытта енді 180 орынды заманауи Airbus A320 әуе кемелері күнде қатынайды. Айта кету керек, Алматыдан Шымкентке бірінші рейс толып келді, біраз билет ең минималды тарифпен, 10 000 теңгеге дейінгі бағамен сатылған. «Эйр Астана» компаниясының президенті Питер Фостер Шымкент еліміздің республикалық маңызға ие мегаполистертің бірі екеніне тоқталды.
– FlyArystan компаниясының көмегімен жолаушылар алтын уақыттарын үнемдеп, лоукостермен сапар шегуді таңдайды деген сенімдемін. Алдағы уақытта рейстер мен әуе бағыттары көбейеді, — деді Питер Фостер.
Айта кетейік, Шымкентке ең төменгі ұшақ билеті 4999 теңгеден басталады. Жүгіңіз 5 келіден артық болып, борт ішінде тамақтанатын жағдайда билет бағасы да арта түседі. Осы тұста FlyArystan өкілдері жолаушыларға flyarystan.com сайтында жарияланған тариф ережелерімен мұқият таныс болуды сұрайды.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ