Қазақстанда митинг кезінде полицейлерге қандай әрекеттер жасауға болады?

1556
ІІМ-ге қарасты әкімшілік полиция комитетінің басшысы Мақсат Байболов президенттік сайлау күні құқық тәртібін қамтамасыз ету қалай іске асатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ол мемлекет бойынша қоғамдық құқық тәртібі сайлау туралы заңға сәйкес қамтамасыз етілетінін жеткізді. Бұл күні полиция қызметінің қалыпты жұмысынан бөлек, олардың бір бөлігі сайлау учаскелеріндегі тәртіпті қорғауға жіберілмек.
Бәрінен Нұр-Сұлтан, Алматы және аса ірі облыс орталықтарында полицейлердің қарасы көп болмақ. Айта кетерлігі, тоғызншы маусым күні елордада полиция қызметі күшейтілмейтін болады.
«Қоғамдық тәртіпті қорғауға барынша көп полицей тартылды. Сайлау бөлімшелеріне 19 мың тәртіп сақшысы жіберілмек. Мемлекет бойынша қоғамдық тәртіпті қорғауға он мыңнан астам полиция қызметкері жұмылдырылмақ. Олар көшелер мен қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Бұл шараның сайлауға түк қатысы жоқ. Бұл полицейлердің күнделікті жұмысы. Оның үстіне жаздық кезең басталды «, — деді Байболов.
Журналистер полициядан заңдастырылмаған митинг кезінде қалай әрекет ету керектігі жөніндегі нұсқаулық пен оларға қандай жағдайда дубинканы қолдануға болатынын сұрады.
«Жоқ, нақты нұсқаулық бермейміз. Бізде нормативтік бұйрықтар бар» , — деп жауап берді Байболов.
Оған қоса, ол арнайы құралдар (ред: дубинкалар) азаматтардың көнбеуі мен олардың және полицейлердің өміріне қауіп төнген кезде қолданылатынын айтты.