Басты Шымкент Шымкенттің ең дарынды балалары «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық Академиясынан» оралды
Жастар жылы аясында 16-26 маусым аралығында «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық Академиясының» ең үздік, жарқын және дарынды финалистері Алматы қаласында 10-күндік жастардың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамытуға бағытталған инновациялық платформасында бас қосты.
Мемлекет болашаққа жоспар құрып, одан әрі даму аяларын анықтап, жақын арада оның негізгі қозғаушы күші патриоттық және азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиеленген жігерлі жас көшбасшылар болатынына сенеді. Осыған орай, «ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық академиясының» төртінші циклы Қазақстанның түкпір-түкпірінен 12-18 жас аралығындағы дарынды жастар үшін өз есігін ашты.
ЮНЕСКО Клубтарының шығармашылық Академиясы – бұл еліміздің жетекші мамандары мен мэтрлерінен білім берудің барлық саласында құнды білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан жастары үшін бірегей платформа. Жоба бағдарламасы Қазақстанның барлық аймақтарындағы дарынды балалар мен жастардың әлеуметтік жағдайына қарамастан, ЮНЕСКО-ның мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы озық бағдарламаларына тегін қол жеткізуге, сондай-ақ өзінің шығармашылық және ғылыми дарынын ашуға және арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты: Мемлекеттің шығармашылық және ғылыми әлеуеттің болашағын қалыптастыруға бағытталған білім берудегі инновациялық тәсілдерді жүзеге асыру арқылы Қазақстан Республикасының дарынды жастарын дамыту және оларға қолдау көрсету.
«ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясы» финалистері үздік тәлімгерлермен, сонымен қатар Қазақстанның көрнекті өнер және ғылым қайраткерлерімен дағдыларын дамытып, жаңа тәжірибе жинақтап, шабыттанып қайтты.
— Менің кішкентайымнан актер болуға талпынысым бар. «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясы» жобасына жолдау алып, Жүргенов академиясының үздік мұғалімі Ботакөз бен Данияр Базаркулов есімді әйгілі актер-режиссер ұсынған актерлік шеберлік мастер-класстарында өзімнің шығармашылық әлеуетімді нығайттым. Жоба барысында еліміздің жастарға деген көптеген мүмкіншіліктер беріп жатырғанын көзім жетті. Бастысы, бізге қолдау көрсеткен , мені өз отбасына қабылдаған ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясына және ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры мен Шеврон компаниясына ризашылығымды білдіргім келеді, — дейді Темірбек Қайсар (Шымкент қаласы, Оқушылар сарайы – ЮНЕСКО Клубының оқушысы), ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясының финалисті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры, «Шеврон» компаниясы мен Алматы қаласының Әкімдігінің қолдауымен.
— «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясы» жобасына үлес қосқан мүғалімдер, еріктілер, ұйымдастырушылар мен финалистер жаныма сондай ыстық болып қалды! Өнер жолында керемет мүмкіншіліктерді қолданып, бұл жобаға түскенім мен үшін үлкен қуаныш. Жастардың жарқын болашағы қалыптасуына осындай жобалар мен бағдарламар маңызды рөл атқарады, сондықтан қаларым Юнеско Клубтарының Федерациясы, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры мен Шеврон компаниясы бізді ұқсас жобалармен қуанта берсің, — дейді Сатан Арайлым (Шымкент қаласы, Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО Клубының оқушысы), «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясының финалисті .
Жобаның конкурстық кезеңі біздің байтақ еліміздің 14 облысынан және шалғай өңірлерінен 2.000-нан астам дарынды және талантты балалар мен жасөспірімдерді қамтыды. Қазылар алқасы Академияға қатысу үшін алты бағыт бойынша ең дарынды 50 баланы таңдап алды. 10 күндік инновациялық білім беру бағдарламасы төменгі бағыттарды қамтыды: ғылым және жобалық белсенділік, коммуникативті дағдылар мен шешендік өнер, бейнелеу өнері, музыкалық өнер, вокалдық өнер және хореографиялық өнер.
— Шығармашылық академиясы — ЮНЕСКО Клубтары қозғалысының дарынды балаларына арналған білім беру бағдарламасы. Барлық Қазақстанның қалалары мен елді мекендерінен балалар бұл жобаға тегін қатысып, білім беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы тәжірибелілерін қабылдай алады. Бұл жоба талантын паш етемін дейтін кез келген балаға, соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға да үлкен мүмкіндіктер сыйлайды, себебі бағдарламаға қатысу тегін. Ол, әрине, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының, Шефрон компаниясының қолдауының арқасында мүмкін болып отыр. Жоба өз міндеттерін толығымен орындады деп сенемін: рухани мәдениетімізді жаңғырту, құндылықтарымызды насихаттау, дарынды жастарды қолдау, ғылым мен білімді өзіне серік қылған болашақ ұрпаққа жол корсетер тәлімгерлермен ұштастыруды айтып өтуге болады, — дейді Аязбаев Серкан, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Вице-Президенті.
«ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық академиясының» қорытынды кезеңі — музыкалық, вокалдық және хореографиялық өнер бағыттары бойынша финалистердің қатысуымен өткен Гала-концерт. «Арқайым» этно-фолк бағытындағы танымал топ концерт қонағы болып, қатысушылармен бірге өз өнерлерін ортаға салды. Шығармашылық академиясының көрмесінде бейнелеу өнері бағытындағы финалистер атақты суретшілердің жетекшілігімен орындалған қорытынды жұмыстарын ұсынды. «Ғылыми жұмыстар мен жоба жазу» номинациясының қатысушылары жоба тарихында алғаш рет қарапайым және қолжетімді тілде зияткерлік жекпе-жек «Science Slam» форматында өнер көрсетті. Өз кезегінде, «Қарым-қатынас орнату мен шешендік өнер» номинациясының финалисттері шешендік және актерлік бағыттар бойынша алған білімдерін көрсетті, сондай-ақ жазбаша жұмыстарын ұсынды. Концерт соңында қатысушылар сөзі де, әні де махаббатқа, мейірімділікке толы ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының әнұранын орындады.
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО
Клубтарының Федерациясы