МАРАПАТ МЕРЕЙЛІ БОЛСЫН

1458
Белгілі жазушы-журналист Сабырбек Олжабай баспасөз қызметкерлері күні қарсаңында «Қазақ журналистикасының қайраткері» атағына ие болды. Оны баспасөз саласында ұзақ жылғы еңбегіне орай Қоғамдық атақтар және марапаттар жөніндегі республикалық Кеңесі марапаттады.
Сабырбек Олжабай «Қара көзілдірікті келіншек» атты пьесасы бүгінгі таңда Павлодар және Батыс Қазақстан, Атырау және Жамбыл облыстарыцнда сәтті сахналанды. Қаламы жүйрік қаламгер 2017 жылы ТҮРІКСОЙ-дың Құрмет грамотасымен марапатталған еді. Ол 10 кітаптың авторы. Былтыр Қазақстан Жазушылар одағының жыл қорытындысында «Жылыбұлақ» атты кітабы сыншылар тарапынан жоғары бағаланды.
Жазушыны алған марапатымен құттықтаймыз.
Серік ЖӘНӘБІЛ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Түркістан облысы.