БҮГІН «STOP BULLYING» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АРТ-ТЕРАПИЯЛЫҚ АПЛИКАЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛДІ

984
Бүгін Қаратау ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Stop bullying» акциясы аясында «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы» колледжі студенттері арасында жат қылықтардың алдын-алу мақсатында арт-терапиялық апликациялық жаттығулар өткізілді.
Мақсаты: Жастар мен жасөспірімдер арасында сергіту жаттығуларын ұйымдастырып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, ішкі қабілеттерін дамыту.
Кездесуге: Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы «Әйелдер , және отбасы- демографиялық саясаты» жөніндегі комиссиясының мүшесі. Қойшиева Лимана Құттыбекқызы қатысты.