ТҮРКІСТАН: 5000-нан астам медицина қызметкеріне үстеме ақы төленді

916

Инфекциялы қауіпті аумаққа жұмысқа тартылған медицина қызметкерлері санының ай сайын өсуі байқалады.

Қор КВИ-ге қарсы күреске қатысқан медицина қызметкерлеріне 32 млрд теңгеден астам үстеме ақы төледі, — деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылғы наурыз айынан маусым айына дейін инфекциялы қауіпті аумаққа жұмысқа тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына қосымша 32 млрд теңгеден астам қаржы төледі. Үстеме ақы үшін республикалық бюджеттен жалпы38,1 млрд теңге бөлінген.

Соның ішінде, Түркістан облысы бойынша жалақыдан бөлек 5 мыңнан астам медицина қызметкерлеріне 2 867 134 712,30 теңге үстеме ақы төленді. Осы орайда Түркістан облысы бойынша 1,4 млрд теңгені екінші тәуекел тобының қызметкерлері алған. Олар провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, сонымен қатар санитарлық авиацияның дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлері (жұмысқа тартылған жағдайда). Ал Түркістан облысында үшінші тәуекел тобы бойынша үстеме ақы алған медицина қызметкерінің саны 3,5 мың адамды құрап отыр.

Инфекциялы қауіпті аумаққа жұмысқа тартылған медицина қызметкерлері санының ай сайын өсуі байқалады. Наурыз айында 19 мыңнан астам қызметкер үстеме ақы алған болса, маусым айында олардың саны 53 мың адамға дейін артқан. Сонымен қатар, Түркістан облысында КВИ-ге қарсы күрес шараларынанаурыз айында 2 мыңдай медицина қызметкері қатысқан болса, маусым айында 5,3 мың медицина қызметкеріне жеткен. Бұдан басқа, медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы медициналық ұйымдарды қолдау шаралары да қабылданды.

«Қазір аурухана мен емханалар өте қиын жағдайда жұмыс істеуде. Оларды қолдау үшін Қор алғы төлем сомасын 50% дейін арттырды. Ал ауылдық ауруханалар желісіндегі қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін жоспарлы медициналық қызметтер көлемі төмендеседе базалық қаржыландыру жүргізілді. Сондай-ақ, пандемия кезеңінде Қор медициналық ұйымдардың шарттық міндеттемелеріне мониторинг жүргізуге мораторий жариялады», — дейді «ӘМСҚ»КЕАҚТүркістан облысы бойынша филиалының директорыАсхат Бейсенбаев.