Алматыда Ислам Кәрімов атындағы көше пайда болды

1118
Алматыда Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтың атындағы көше пайда болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Көшелердің біріне Ислам Кәрімовтың есімін беру туралы шешім қалалық мәслихаттың VI шақырудағы мәслихатының XXXIV сессиясында мақұлданды.
Әкімдіктің баспасөз қызметінде аталғандай, қаладағы 20 көшеге Тәуке хан, Есім хан, Фарида Шәріпова, Жаяу Мұса сияқты танымал тұлғалардың есімі берілген.
Сонымен қатар тағы басқа көшелерге Жеті жарғы, Ақжайнақ, Тайбурыл және тағы басқа атаулар беріліп отыр.
Атауы өзгерген көшелер қаланың Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарында орналасқан.
Бұған дейін хабарланғандай, қалада тек қайталанатын көше атаулары ғана өзгертілді.