Шымкенттік полицейлер колледждің жас буын өкілдерімен кездесті

1098
Ағымдағы жылдың 1-30-қараша аралығында «Бала және отбасы» профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Ел болашағы жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттырып, оларға заң саласынан мәліметтер беріп, құқықтық сауаттылығын жақсарту мақсатында шымкенттік полицейлер жастармен кездесіп, түрлі іс шараларды атқарып келеді. Сондай игі бастамалардың жалғасы ретінде бұл жолы тәртіп сақшылары «Мирас» колледжінің жас буын өкілдерімен кездесті.
Іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында топтық төбелеске және құқық бұзушылыққа жол бермеу, жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Полиция қызметкерлері әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормалары туралы айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікті тағы да еске салып өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға полиция қызметкерлері толыққанды жауаптар берді. Алдағы уақытта осындай кездесулер қаланың барлық колледждерінде өткізу жоспарланған.