Әкімнен әкім туады

1245
Биыл әкімдердің ұлдары жарап-ақ тұр. Осыған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болып Ғали Есқалиев тағайындалған болатын. Оның әкесі Нәжімеден ЕСҚАЛИЕВ  1986 жылдан 1993 жылға дейін Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысын басқарған.
Енді Шымкент қаласының әкімі болып Ерлан Қуанышұлы Айтаханов тағайындалып отыр. Оның әкесі Қуаныш Айтаханов ұзақ жылдар Парламент Сенатының депутаты болған. Әр жылдары Арыс, Созақ, Сайрам, Отырар сынды төрт ауданның әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар, бір кездері Ақмола облысын басқарған Сергей Кулагиннің ұлы Павел Кулагин –Алматы қаласындағы Түрксіб ауданының әкімі. Жақында ғана түнгі клубтың бірінде түсірілген шулы видеомен жұрт назарын өзіне аударған болатын.
Ал Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Сапарбаев  – бұрынғы әкім, қазіргі министр Сапарбаевтың баласындай көретін інісі. Ал ұлы Жансұлтан Сапарбаев Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Алдағы уақытта Жансұлтан Бердібекұлының әкім болуы да ғажап емес. «Сыйынғаныңнан сүйенгенің мықты болсын» деген заманда өмір сүріп жатқанымыздың тағы бір көрінісі емес пе бұл?..
Дереккөз:jasalash.kz