Қазақстандық кәсіпкерлер бизнесін Өзбекстанға көшіріп жатыр

962
Қазақстанда ұн шығаратын бірнеше компаниялар кәсібін Өзбекстанға көшірді. Осылай деп Forbes Kazakhstan 7 қыркүйекте мәлімдеді.
Қазақстандық компаниялар Өзбекстанда кәсіп жүргізу әлдеқайда жайлы деп есептейді.
Forbes Kazakhstan-ға сұқбат берген Қарағандыдағы ұн шығаратын «Mutlu» компаниясының директоры Дос-Мұқасан Тәукебаев елде ұн өндірушілерді қолдайтын бағдарлама жоқ дейді.
— Өзбекстан президенті ұн шығаратын компанияларды салықтан бес жылға босатты. Егер бізде орташа мөлше 14 процент болса, біз Өзбекстанға 4 процентпен 15 жылға несие бере аламыз. Қазақстанда электр энергия бағасы 20 теңге болса, Өзбекстанда — 10 теңге. Мұнан бөлек Өзбекстанда жұмыс күші екі есеге арзан, — дейді Дос-Мұқасан Тәукебаев.
«2007–2010 жылдары Қазақстан ұн экспорттау жағынан әлемдік көшті бастап тұрған. Бірақ түрлі себептермен Түркия басып озды. Қазір Өзбекстан бізді екінші позициядан итеріп тастайды. Бұл тіптен биыл болуы мүмкін», — деп болжайды Forbes Kazakhstan.
Abai.kz