Шымкентте жол-патрульдік полициясынан пара алған полиция капитаны ұсталды (видео)

1228
500 мың теңге көлемінде пара алған күдікті тергеуге алынды.
Шымкентте полиция капитаны жол-патрульдік полициясы инспекторынан пара алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі YouTube желісіндегі арнасында жариялады.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп, бопсалау жолымен пара алған деген күдікпен Шымкент қалалық Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының полиция капитанына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады», — делінген хабарламада. Аталған ақпаратқа сүйенсек, күдікті Шымкент қалалық жол-патрульдік полициясы инспекторынан жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылмағаны және қызмет бабы бойынша жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге көлемінде бопсалаушылық жолымен пара алған.

Қазір күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, тергеу жалғасып жатыр. Сондай-ақ, күдіктіге байланысты шешімді сот қабылдайды.