Тоқаев дәрі-дәрмек бағасын өсіргендер жазаланатынын айтты

1204

Азаматтар дәріханалардағы өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге бағаның негізсіз өсу фактілеріне шағымданады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Твиттрде жазды.

Тоқаев дәрі-дәрмек бағасын өсіргендер тиісті жазаланатынын жеткізген.

«Азаматтар дәріханаларда дәрі-дәрмектің бағасының негізсіз өсу фактілеріне шағымданып жатыр. Пандемия жағдайында бұлай болуы мүмкін емес. Үкімет пен құқық қорғау органдарына бұл мәселені шешуді тапсырадым. Кінәлілер жауапқа тартылады», — деді мемлекет басшысы.

Осыған дейін денсаулық сақтау вице-министрі людмила Людмила Бюрабекова қазақстандықтардан антибиотиктерді өз бетімен ішпеуді және өзін-өзі емдеумен айналыспауды өтінді.