Америкалық файтер қарсыласын ерекше әдіспен нокаутқа түсірді

555
Америкалық ММА файтері Рэймонд Дэниэлс Бирмингемде (Ұлыбритания) өткен Bellator турнирінде қарсыласы Уилкер Баррушты әдемі тәсілмен нокаутқа түсірді, — деп хабарлайды Vesti.kz.
Дэниэлс 720 градус — екі айналып, қарсыласының басынан соққы жасады. Барруш мұндай соққыны күтпеді, осылайша, нокаутқа түсті.
Промоушеннің ресми аккаунты мұны жыл нокауты деп атап үлгерді.
Бұл Дэниэлстің ММА-дағы екінші жекпе-жегі және карьерасындағы бірінші жеңісі. Ал Барруш алғаш жұдырықтасып, жеңілді.