Қазақстандық бензинді Ресейге шекаралас аймақтардан тонналап әкетіп жатыр – видео

1078

Арзан қазақстандық бензинді шекаралық жанармай құю бекеттерінен Ресейге тонналап әкетуде. Жүргізушілер қулыққа басуда – жүк көліктеріне қосымша бактар орнатып жатыр. Немесе ондаған канистрді толтырып алады

Қазақстандық тұтынушылардың бензин тапшылығы пайда болып, жанармай бағасы өседі деп алаңдап отыр. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Нұр Отан» партиясында азаматтарды жеке қабылдауында осы мәселеге түсініктеме берді.
Ол бензин мен дизель отыны нарығында қатты толқулар болмағанын мәлімдеді. Ведомство бензиннің де, дизель отынының да бағасын реттемейді, барлығы сұраныс пен ұсыныс арқылы реттеледі.
Сонымен бірге, министр Ресей мен Қазақстандағы жанармай бағасы біртіндеп теңесуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Таяу уақытта Қазақстанда бензин шығаруға алты айлық тыйым салу күшіне енеді деп жоспарлануда. Техникалық шарттарға сәйкес орнатылған автокөліктің бензин бактарымен және 20 литрден аспайтын бөлек ыдыстармен жанармай тасымалдауға тыйым салынбайды.

Толығырақ видеодан көріңіз.