2019 жылы Қазақстаннан басқа елдерге 655 миллиардтан астам теңге аударылды

1604
Бұл туралы  хабарды LS порталы таратты.  
Бұл сома 2018 жылға қарағанда 8,8% — ға артық. Жалпы, өткен жылы Қазақстаннан  сыртқа 655,2 млрд теңге жіберілген.
Ең көп ақша Ресейге – 208 млрд теңгеден астам және Өзбекстанға – 139 млрд теңге аударылған. Бұдан әрі Түркия мен Қырғызстанға 93,4 млрд және 87,2 млрд теңге түсті. Қытайға бір жыл ішінде 35,5 млрд теңге жіберілді.
Барлық қаражаттың ең азы Қазақстаннан Украинаға — 10,7 млрд теңге және Арменияға — 9,4 млрд жөнелтілген.
Сонымен қатар, Қазақстан аумағында 46,4 млрд теңгенің транзакциялары жасалды.
Ресейге неге көп ақша аударылады деген мәселенің бір ұшы Қазақстан еңбек рыногіндегі вакансиялардың біршама бөлігін осы елдің азаматтары заңды және заңсыз түрде иемденіп отырғанына қатысты болса керек. Орыс ұлты өкілдерінің біраз бөлігі Ресей азаматтығын алғанымен, Қазақстан азаматтығынана да бас тартпаған. Яғни, заң бұзып отыр. Отбасы мүшелерінің жастары тарихи отанына кетіп, мұнда қалған ата-аналары  оларға қаржылай көмек көрсетіп те тұрады. Өзбекстан және Қырғыз еліне аударылатын ақша мұндағы жұмысқа жалданып жүрген өзбек-қырғыздардың қалтасынан шығады. Ал, Түркиеге кететін ақшаның артында еліміздегі шағын бизнесте жүрген сол елдің азаматтары тұрса керек.