Сумен жабдықтау желілеріне техникалық қызмет көрсету дегеніміз не?

1282
Бірыңғай төлем құжатының түбіртектерінде «сумен жабдықтау және кәріз жүйлеріне техникалық қызмет көрсету үшін» деген арнайы баған бар. Жеке сектордағы үйлер үшін ай сайынғы төлем 205 теңгені құрайды, ал пәтерлер үшін – 195. Көптеген қала тұрғындары үшін бұл төлем сұрақ тудырды. Біз осы сұраққа жауап бере өтейік.
Сумен жабдықтау және кәріз желілеріне техникалық қызмет көрсетуді Шымкент су арнасымен аутсорсинг негізінде жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады. Осы қызметке келісім-шартты тұрғынның өзі немесе тұрғындардың атынан үй немесе көше комитеттері жасай алады (жалпы жиналыстың хаттамасы қажет).
Көп қабатты үйлер секторында желілерге техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мердігердің міндеттері: су және кәріз желілерінің және клапандардың жыл сайынғы жоспарлы профилактикалық тексерулері. Тексеру нәтижелері бойынша мердігер жүйелердің ағымдағы жай-күйі туралы ақаулы акт (дефектный акт) жасайды. Ақаулы учаскелерде мердігер дәнекерлеу арқылы су құбырындағы тесіктерді жояды немесе құбырдың 0,5 метрге дейінгі кішкене бөлігін ауыстырады. Жертөледегі вентиль мен ысырмаларға (задвижка) ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Өтініш берген жағдайда сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріндегі ағып кетулерді уақтылы жояды. Жертөледегі кәріз желілерін алдын-ала тазарту жұмыстарын жүргізеді. Ақылы негізде күрделі жөндеу, сумен жабдықтау желілері мен кәрізді, желілік арматураны ауыстыру және қайта құру жұмыстарын жасайды. Бұл жұмыстардың құны жеке жобалық-сметалық құжатта анықталады.
Тапсырыс беруші өз кезегінде орындалған жұмыстың сапасын бақылауды жүзеге асырады, жұмысты қабылдау және техникалық байқау туралы актіге қол қояды. Ол жұмыстың және жұмсалған құрылыс материалдарының, қосалқы бөлшектердің және т.б. құнын төлеуді бақылауды жүзеге асырады. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесіндегі ақауларды анықтауға көмектеседі, орындаушыға ол туралы хабар береді және тұрғындардан өтініш жинауды ұйымдастырады. Кондоминиум жертөлесіне, қажет болған жағдайда, тұрғындардың пәтерлеріне тиісті құжатты көрсеткеннен кейін кіруді қамтамасыз етеді.
Жеке секторда қызметтер тұтынушының жер учаскесінің қоршауларының шекарасында орнатылған бақылау вентилінен бастап мердігердің сумен жабдықтау жүйесіне қосылу нүктесіне дейін көрсетіледі. Негізінде, жертөледен басқа, көп қабатты үйлер секторындағыдай мердігер мен тапсырыс берушінің міндеттері бірдей.
Қазіргі уақытта сантехникалық қызметтерді көрсету нарығында сертификатталған мамандар жоқтың қасы. Жекеменшік мамандарда жұмысты жасауға тиісті құжаттары жоқ. Сонымен қатар, олар ешқандай аяқтау құжаттарын ұсынбайды және жұмысына кепілдік бермейді. Тағы бір маңызды фактор, барлық жеке сантехниктер салық төлемейді және әлеуметтік аударымдар жасамайды. Орташа алғанда, кішігірім ақау бойынша шақырту 5000 теңгені құрайды. Ал ресми түрде жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымның жылдық төлемі бар-жоғы 2500 теңгені құрайды. Мүмкін, бұл ойлануға себеп болар.
Қала тұрғындарының пікірлері
zhelezkovaelena
Біз де келісімшарт жасастық, өйткені кәріз жүйесі үнемі бітеліп қала береді, ал жекеменшіктер 35 мыңға дейін алады. Келісімшарт жасасқаннан кейін біз қоңырау шалып шақыртамыз, мамандар аулада және подъездтерде ақысыз тазартуды жасайды. Үлкен рахмет! Барлық тұрғындардан, әсіресе жалға берушілерден ақша жинау өте қиын!
bashirovavalentina9118
Жертөлеге дейін кәріз құбыры – бұл су арнасына тиесілі және олар бір қоңырау шалғаннан-ақ келіп ешқандай проблемасыз тазалайды. Ал жертөле – бұл біздің территориямыз.