Басты Шымкент ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Шымкентте коронавирус жұқтырған екі науқас ауруханадан жазылып шықты. Дертінен айыққандар — анасы мен баласы. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді.
2020 жылдың 11 сәуір күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның 33 жағдайы тіркелген.
Қуаныштысы сол, «Тәуелсіздікке — 20 жыл» бірінші ошағынан осы 2 отбасы мүшелерінде зертхананың сынамалар теріс болып, олар үйге шығарылды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайы жақсы екенін айтады.Дертінен айыққандар 1970 жылғы және 1996 жылғы бір отбасының мүшелері. Нақтырақ айтқанда, анасы мен баласы.
Ал отбасының қалған 3 мүшесі медициналық қызметкерлердің бақылауымен 14 күндік карантин аяқталғанға дейін қалады, себебі інісінен COVID-19 ауруы 12 күні анықталып, әкесімен қарындасы жақын байланыста болған. Қалған пациенттердің жағдайы тұрақты, қолданыстағы хаттамаларға сәйкес емдеу жалғасуда.
Түркістан облысынан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына COVID19 ауыруына шалдыққан ауыр жағдайда 2 науқас ауыстырылды (48 және 60 жас). Олардың жағдайы қазір тұрақты, динамиканың жақсарғаны байқалады.
Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы