Әкім кесене аумағындағы тарихи орындарды қалпына келтіру жұмысын бақылады

1076
Сонымен қатар, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпаларын аралады.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтап, жауаптыларға тиісті нұсқаулар берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етушілер алда бірегей жобамен салынып жатқан бау-бақшалы жасыл аумақпен жүріп өтеді. Сан алуан түрлі жеміс-жидек ағаштары өсетін ботантикалық бау бой көтереді. Өмірзақ Естайұлы жобаның жұмыс жоспарымен танысып, бұл аумаққа алда тұрақты киіз үй тұрғызуды тапсырды. Сондай-ақ кесене аумағында көшпенділер салты мен дәстүрінен ерекше сыр тартатын, ортағасырлық тұрмыстан айрықша көрініс беретін Этноауыл салынады. Кесененің 88,7 га құрайтын буферлі қорғау аймағында рухани туризм Орталығы құрылуда. Ол жерден осы аумақта орналасқан барлық қастерлі орындарды тамашалауға болады. Жалпы аумағы 100 гектарға жететін абаттандыру алаңын аралап, Тұңғыш Президент бағының құрылысын бақылады. Облыс орталығын көгалдандыру болашақта микроклиматқа оң әсер тигізері сөзсіз. Халықаралық тәжірибенің ең озық үлгілерін назарға ала отырып, «Әзірет Сұлтан» кешенінің мүмкіндіктері кеңейтілуде. Осылайша Ұлы Жібек Жолы дәуірі тұсындағы келбеті қалпына келтіріледі. Кесенеден 700 метр қашықтықта тұрған Түркістан елді мекенінің ең ежелгі қалашығы — Күлтөбе ашық аспан астындағы музейге айналады.
Мавзолейдің мемориалды және саябақ аймағында Абылай хан, Жолбарыс хан, Қасым хан, Жәнібек батыр, Қазыбек бидің және т.б. жерленген жерлері қоршалып, биіктетілген. Кесене мен Жеті Ата қақпасы арасындағы тарихи көлдің ойыстары қайта қалпына келтіріліп, тарихи мешітке апаратын жол, құдық және Ясауидің соңғы 20 жыл өмірін өткізген Қылуетке апаратын ортағасырлық рабаттарды мен орталық көшелері қайта жасалуда.
Облыс басшысы қасиетті кесененің аймағында орын алған Қашқари гүлзарын аралап, Нью-Йорк баспалдағының құрылысымен танысты. Ашық аспан астында өтетін думанды мерекелерге арналған жаңа орын Есімхан алаңында салынуда. Онда «Open Space» үлгісіндегі іс-шаралар, сан алуан сайыстар мен фестивальдер өткізіледі. Тұрғындар үлкен экранда фильмдер мен футбол ойындарын тамашалай алады.