Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналғанымызды жас ұрпаққа жеткізу және күннен күнге бой көтеріп, ерекше келбетке ие болған миллиондық қаламыз Шымкентті мақтан етіп, қадір тұту мақсатында Балалар көркемсурет мектебі қаладағы «Береке» сауда орталығының балаларға арналған ойын — сауық бөлімінде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік іс – шара ұйымдастырды.
Мектеп ұстаздары мен жас дарындары Шымқаланың «Миллиондық қала» мәртебесіне ие болған қуанышына өз үлестерін қосу үшін, ата-аналар мен қала тұрғындары үшін қызықты ойындар мен байқаулар ұйымдастырып, түрлі шеберлік сыныптарын тарту етті.
Мерекелік іс-шарада Жапонияның Йокохама қаласында өткен «Mitsubishi Asian Children’s Enikki Festa 2017-2018» байқауының Гран — при жүлдегері Убайдулла Сауле, Елбасының қолтаңбасы қойылған «The Planet of ART» альбомына жұмыстары енген оқушылар — Мухуддинова Радмилла, Ақылбай Диляра, Хохлова Анастасия, Егоровская Дарья, Рахымжанова Самуна және бір топ жас бүлдіршіндеріміз марапатталды. Жеңімпаздар өз жеңістерін Ел тірегі — Елбасына арнады.
Өнерді сүйетін және сол өнерге баулыйтын ұстаздарды қолдап, мерекеге арнайы келген Түркістан обылысы ата-аналар комитетінің төрағасы, «Ұстаз нұры» газетінің бас редакторы Әнуарбек Бейсе, Шымкент қаласының білім басқармасының бас маманы Әшірбек Адеев және «Қазығұрт тынысы» газетінің бас редакторы Дәрменбай Шәріп мырзалар жас өнерпаздардың қуанышына ортақтасып, ыстық ықыластарын білдірді.