ТМД елдеріне танымал өзбекстандық әзіл-сықақшы дүниеден озды

1664
Обид Асомовтың өліміне жүрек талмасы себеп болды.
Ташкент ауруханасында Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі Обид Асомов көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан. 
Ақпаратты «Узбекконцерт» растаған. ТМД елдеріне танымал әзіл-сықақшы жұма, 14 желтоқсан күні 55 жасында инфарктен қайтыс болды. Обид Асомов 1963 жылдың 22 қазанында Ташкентте туған. 1993 жылы «Обид-А» деген атаумен өз театрын ашты. 2000 жылдардың соңында «Кривое зеркало» әзіл-оспақ бағдарламасының команда мүшесі болды.

2018 жылдың мамырында Асомов мультипликациялық фильмдер студиясының директоры болып тағайындалды.

Sputnik.kz