«Қоймаларда бар дәрі қарапайым халыққа неге сатылмайды?»: журналист Тоқаев пен Цойға өтініш жасады (ВИДЕО)

713

Неге осы дәріханаларды қадағаламайды? Неге көшедегі халықтың маскасын тексергенше, дәріханалардың бәрін бір сүзіп өтіп, тексеруге болады ғой.

Белгілі журналист Ардақ Байғабыл «дәріхана қоймаларында халыққа қажетті дәрі бар, бірақ, қарапайым халыққа сатылмай» жатқанын айтып, желі арқылы дабыл қақты. Ол енді билік басында отырғандардың осы мәселеге байланысты дәріханаларды жіті тексеруін сұрап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео авторының сөзіне құлақ түрсек, ең қажетті дәрілерді табу — қазіргі таңда шөп арасынан ине іздегенмен бірдей болып тұр. Мәселен ол, 3-4 дәріхананың табалдырығын тоздырып, құны тиын-тебен тұратын парацетамол таппағанын жеткізді. 

«Дәріхана, дәріхана қоймасы жайлы болмақ. Не үшін баға шарықтап кетті? Не үшін қолдан жасалып жатыр? Осы жайында айтқым келіп отыр. 

Жаңа ғана мен мысалы 3-4 дәріхананы аралап шықтым. Соның ішінде, парацетамол іздесем, қарапайым дәрі жоқ, біріншіден. Екіншіден, (бір досым бар) оның таныстары провизорлық қоймаларда жұмыс істейді екен. Сол жерде (негізі айтуға рұқсат етілмейді) парацетамолдар тола дейді (қуанышқа орай айтты). 

«Бауырым, парацетамолдар жетеді. Бүкіл қазаққа керек дәрі-дәрмектің барлығы қоймада бар». Бірақ не себептен берілмей жатыр, яғни дәріханаларға таратылмай жатыр? Көп дәріханаларда негізі бар. Оны да дәрігердің тағайындауымен немесе «из под прилавкам» (астыртын таныс-тамыр арқылы) сатып жатыр. Басқа бағамен. Қарапайым ингавирин деген дәріні 2000 теңге тұратын, сол қазір қоймада 100000 теңге тұрады. Ойлаңыздар, 10 мың теңге. Дексаметазон деген дәрі бар, 1400-1500 теңге тұратын, қазір 40 мың теңге. Осыны қадағалау керек. Неге қадағаланбайды? Билік басындағылардан уәде етілді ғой, қадағалаймыз деп. Неге қадағаланбайды? Мүмкін білмейтін шығар. Білмесе, міне, айтып жатырмыз. 

Мысалы масканың дефициті болды, мемлекет араласты, қолдан келді ғой, шешілді. Тіпті менің қолымнан ештеңе келмейді. Бірақ мемлекеттің күші көп қой. Карантин жариялаймыз дей ме, жариялап тастайды, блокпосты жабамыз дей ме, жауып тастайды. Қолынан келетін шаралар. Неге осы дәріханаларды қадағаламайды? Неге көшедегі халықтың маскасын тексергенше, дәріханалардың бәрін бір сүзіп өтіп, тексеруге болады ғой. Осыны айтқым келеді. 

Билік басындағылар, Цой мырза, Қасым-Жомарт аға, өтініш, ағатайым, ағаларым тексеріңіздерші! Қазаққа деген жанашырлық болсыншы, өтініш! Ақшаның соңынан қашанғы біз… дәріханалармен айналысып жатқан кісілерге айтып отырмын. Неге қазақты ойламайсыздар?», — деп ашынды жылауға шақ қалған тілші.

Одан бөлек ол, көрші мемлекеттердің жасап шараларын үлгі етті.

«Мынау іргеде отырған қырғыздарда ешқандай дефицит жоқ. Ал бізде халық аз, бірақ неге екені белгісіз дәрі тапшы. Мына өзбек ағайындарымыз орыстармен тағы басқа шетел мемлекеттерімен қосылып, ИВЛ аппарат шығаратын зауыт пайда болды оларда. Қазір ИВЛ аппаратты шығарып жатыр. Оның өзін қазір қазақтарға сатып жатыр. Сол ИВЛ аппараттар бізде тапшы. ИВЛ-ді қоя тұршы, парацетамол жетпейді. Не себеп? Ол дәріханалардың қоймаларында бар, ал дәріханаларда қарапайым халыққа неге сатылмайды? Осыны тексеріңіздерші, айналайын, биліктегі ағалар!», — деп көзбен көргенін, құлақпен естігенін жайып салды.

Естеріңізде болса, біз бұған дейін «Шымкенттегі ауруханалар оттегісіз қалуы мүмкін!»: мыңдаған адамға өмір сыйлаған кәсіпорын көмекке зәру» деген тақырыпта материал жариялаған едік.

Мынау рас болса масқарағой.

Опубликовано Дарханом Колдеевым Понедельник, 6 июля 2020 г.