Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуды түсіндірді

1062

Нұр-Сұлтан әкімдігі пандемия кезіндегі отшашуға байланысты сынға жауап берді Мәдениет басқармасы отшашу арқылы коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдағысы келгенін хабарлады

Елорда әкімдігі пандемияның қызған уақытында ұйымдастырылған отшашуға байланысты шағымданған астаналықтарға жауап берді.

«Астана күніне отшашу жыл басында жоспарланған болатын, демеушілер материалдар сатып алып, орындарды анықтады. Бұл фейерверк қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған медицина қызметкерлерін қолдауға арналған», — деп атап өтті әкімдіктің мәдениет басқармасы. 

Алтыншы шілдеде астана күнін тойлау отшашумен аяқталды. Отшашу орталық саябақ, ботаника бағы және Пушкин мен Абылайхан көшелерінің қиылысынан атылды. Әлеуметтік желіде кейбір қазақстандықтар осыған байланысты наразылық білдірді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған отшашу COVID-19 инфекциясына байланысты ұйымдастырылған жоқ.

Ұлыбританияның патшайымы екінші Елизавета 2020 жылдың сәуірінде 94 жасқа толды. Ол коронавирусқа байланысты дәстүрлі отшашуды ұйымдастыруды орынсыз деп тапты.