«Мамандық таңдаудың маңыздылығы»

2216

«Білім – бақыттың жібермейтін қазығы,

білімсіз бақ әлдекімнің азығы…»

М. Әуезов

Білім беру мазмұнын модернизациялаудағы басты мақсат: Білім беру мазмұнының әлеуметтік бағытталуын күшейту және оның сапасын тексеру тетіктерін жетілдіру.

Ж.Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», – дейді. Рас, жас жеткіншек тек өз жүрек қалауымен ғана таңдаған мамандықтың шебері бола алады, яғни мамандық таңдау – жай ғана оқып, диплом ала салу емес, өмірлік жолыңды айқындау. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауымыз керек

Қазіргі таңда Қазақстанды әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикасы бар мемлекет ретінде мойындаған. Қысқа тарихы мерзім ішінде тәуелсіздік алған Қазақстан әлемдік өркениетке кіре отырып, жаңа прогрессивті технологиялар өндіру, сақтау, тасымалдауды пайдалана отырып экономикада сілкініс жасады. Кәсіпорындардың дербестігін арттырғандықтан әзірлеуші арасындағы, өндірушілер, тұтынушылар, мемлекеттік органдар және аймақтық басқару құқықтық қатынастарды мемлекеттік реттеу қажеттігі және де бірінші кезекте адам өмірі мен қоршаған ортаға қауіпсіздігін арттыру күшейтіп жатыр. Заманның ағымына байланысты қазіргі қоғамның сұранысы да өте жоғары.

Биыл М.Әуезов атындағы ОҚМУ Еуропалық ғылыми-өндірістік палатасы өткізетін «Әлемдік университеттердің академиялық рейтингі — Еуропалық стандарт» халықаралық рейтингінің ең жоғары санатына (А категориясы, А+категориясы) енді. Жалпы, ARES-2020 рейтингісіне Қазақстан Республикасының 95 жоғары оқу орны кірді. ARES рейтингі критерийлеріне сәйкес рейтинг А,В,С,D бес санаты бойынша беріледі. Өткен жылмен салыстырғанда университеттің позициясы бір кіші категорияға көтерілді. Осы бағыттағы мамандарды даярлауда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Механика және мұнайгаз ісі» факультетіндегі «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасымен жүзеге асырылады.

2016 жылы жаңа оқу жылынан бастап ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес 5В073200–Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы екіге бөлінді. 2019 жылдан бастап бағыттар бойынша мамандықтарды дайындауға сәйкес «Стандарттау, сертификаттау және метрология» бағыты аясында 6В07510 — «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» және 6В07513- «Метрология» бакалаврларды,сонымен қатар 7М07510-«Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» магистрлерді дайындайды.

Құрметті талапкерлер, сіздерді М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінің заманауи білікті маман болуыңыз үшін 6В07510-«Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» және 6В07513–Метрология бакалавр мамандықтары бойынша, ал магистратура бойынша 7М07510–«Стандарттау және сертификаттау», 7М07513 – «Метрология» мамандықтарын таңдауға шақырамыз.

Толық ақпараттарды: осы сайттардан ала аласыздар.

https://www.instagram.com/standard_ukgu

Стандартизация сертификация

Стандартизация сертификация

М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының магистр,аға оқытушылары Отуншиева А.Е., Тоқтабек А.А.