Британиялық БАҚ: Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі, Солтүстік Корея мен Иран бірікті

1067
«Солтүстік Корея мен Иран одақтас болатынын жариялап, дүниежүзілік соғыстың ескерту дабылы соғылды» деп хабарлады британиялық Daily Express газеті.
Солтүстік Корея мен Иран АҚШ-қа қарсы одақ құру сенімін растағаннан кейін жаһандық соғыстың қаупі төңірегінде тағы бір рет қорқыныш пайда болды.
Солтүстік Кореяның «NK News» мемлекеттік газетінің хабарлауынша, Пхеньянның Ирандағы жаңа елшісі Хан Сонг У Иран президенті Хасан Руханимен кездесіп, олар екі ел арасындағы тығыз қатынастарды құруға үміттенетіндерін жеткізген.
Кездесудің ресми баяндамасында әдеттегідей анти-америкалық риторика мен «қатыгез АҚШ» туралы айыптаулар айтылған.
«NK News» телеарнасының хабарлауынша, президент Роухани: «АҚШ шенеуніктері Иран мен Корея Халықтық Демократиялық Республикасы сияқты үкіметтер мен халықтарға әрдайым қысым көрсетіп келеді» деген.
Газет сонымен бірге Роухани мен Ким Чен Ын АҚШ-тың «қақпайлауы пен қорлауына» қарсы бұрынғыдан да мықты болуы керектігін мәлімдеген.