Ақтөбеде әйелдер сотта төбелес шығарып, арнайы жасақтың көмегі керек болды

1162
Арасында аса белсенділік танытқан алты әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Ақтөбедегі сот залында шу шығарған 6 әйел жазаға тартылды Олар судьяның үкім оқуына кедергі жасап, сол жердегі тәртіп сақшыларын жағасынан алған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Сот залында төбелес шығарған әйелдер 28 жастағы Қуаныш Жақсыбаевқа қолдау көрсету үшін келген. Алты жарым жылға сотталған кәсіпкер қаржы пирамидасын құрғаны үшін айыпталып отыр. Мобильді қосымша ойлап таптым деп алдап, 40 мыңға жуық адамнан ақша алған. Осылардың ішінде 600-ден астамы ақшаларын даулап, сотқа арыз түсіреді. Ал қалғандары керісінше Қуаныш Жақсыбаевтың арқасында байығандарына сенімді.
Сотқа келген бір топ әйел күдіктінің жазаланатынын естігенде, естерінен танып, тіпті, судьяның үкімді оқуына кедергі жасайды. Арасында кейбіреуі ғимарат мүлкін бүлдіреді. Жиналған жүз адам сыртқа күштеп шығарылғанына қарамастан, олар сот алдында наразылық білдіруді жалғастырады. Арнайы жасақ шақыртылып, белсенді болған алты әйел әкімшілік жазаға тартылды.
Қоғамдық орында тәртіптік бұзушылықты тоқтату туралы құқық қорғау органдарының талаптарын ескермей, қарсылық білдіргені үшін Аймағанбетова, Көптілеуова, Омарова, Мустафина, Сатыбалдинова, Күлдееваға қатысты істер қаралып, мамандандырылған сотының қаулыларымен аталған тұлғаларға ескерту түріндегі жаза тағайындалды.