Миллиондаған азамат қалай алданды?

1099

Тәуелсіздіктің 30 жылында мемлекеттік аппараттың көмегімен Қазақстанның миллиондаған азаматын ЖАППАЙ алдау қалай жүзеге асып келді?

1. Жер пайлары. Нәтижесінде ауыл тұрғындары жерсіз қалды — егістік, жайылым, ауылшаруашылық жерлері ондаған млн гектардан қалталылардың қолында кетті.

2. Инвестициялық Жекешелендіру инвестициялық купондары (ЖИК-ПИК). Уәде етілген дивидендтерді аяғында ешкім алмады. Қазақстандықтардың бірнеше буыны негізін қалаған мемлекет меншігі қалталылардың қолында қалды.

3. Банктердің екі еселенген пайыздары. Миллиондаған адамдарды тағы да келісім шартқа екі еселенген пайыздарды енгізіп тонады. Миллиардтаған доллар шығын келді.

4. Енді Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, ДАМУ МЕД деген шықты. Көрсетілмеген медициналық қызмет үшін жаппай ақша ұсталды.

Бұл мемлекетік аппарат емес, өз азаматтарын ЖАППАЙ алдаумен айналысатын машина болып шықты.

Мұхтар Тайжанның жазбасы

Abai.kz