«Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы Анарбеков Нұрғали Әділбекұлының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

1079

ӨМІРБАЯНЫ

Анарбеков Нұрғали Әділбекұлы 1976-жылы 6-қыркүйекте Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе елдімекенінде дүниеге келген.
1983-жылы «Алтынтөбе» орта мектебіне барып, 1996-жылы Қапланбек зоотехникалық малдәрігерлік техникумын «Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы және ұйымдастыру» мамандығын бітірген.
1997-жылдан бастап Қазығұрт аудан орталығында кәсіпкерлікпен айналысқан.
1998-2001 жылдары Шымкент қаласында «Айғақ» газетінде фототілші қызметін атқарған.
2002-жылы «Қазақстан-Ресей» университетінде түсіп, 2007-жылы экономика мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
2008-жылдан бастап Түркістан облысы, Қазығұрт елдімекенінде әртүрлі бағыттағы шағын және ірі кәсіпкерлікпен айналысқан. Соның ішінде құрылыс саласында, мал шаруашылық, егін-жер, автокөлік техника (сервис) жөндеу цехы, шет мемлекеттерден көлік және тауар тасымалдау, өнер саласында, отандық өнімдерді жарнамалау және сату бойынша қызметтер атқаруда.
Қазіргі таңда Анарбеков Нұрғали Әділбекұлы 4 ұл тәрбиелеп отырған үлгілі отбасылардың бірі.

  1. Білімді жастар – жарқын болашақ кепілі.
    Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы. Әлем тәжірибесі көрсеткеніндей, кез-келген мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Жастарды жұмысқа орналасу сияқты өзекті проблемаларын шешу. Жастарды шетелде және отандық базасы жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беру және рухшылдыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу. Мамандық таңдау мен жар таңдау мәселесіне аса көңіл бөлу.
  2. Әлеуметтік сала.
    Ана мен бала денсаулығын жақсартуға, аналардың белсенділігін арттыруға, денсаулық сақтау саласында заманауи технологиямен ауруханаларды жабдықтауға қаражат бөлдіру және қадағалау. Бала туғанда берілетін бір реттік және ай сайынғы жәрдемақы көлемін ұлғайту. Ауданда жеке үйлерге газ тарту, ауыз сумен қамтамасыз ету, су бағасы мен сапасын бақылау, мектеп, балабақша,
    аурухана, мәдениет үйлерін салу жұмыстарының қарқынды жүруіне ықпал ету. Интернет жүйесін тартып, сапалы жоғары жылдамдықпен орнату.
  3. Ауыл шаруашылығын дамыту.
    Көпшiлiгiміз үшiн жер негізгi өндiрiс құралы екені белгілі. Мемлекет тарапынан шаруаларға беріліп жатқан жәрдемдерді қолжетімді ету. Мал шаруашылығы мен жерден шыққан өнімді игеру мәселесінде техникалармен және де мемлекет тарапынан қаржылай көмектесуге ықпал жасау. Жылыжай саласын дамытуға ықпал жасау. Жеміс-жидектерді сақтайтын қойма жасау.
  4. Отандық өнімді игеру, кәсіпкерлікті дамыту.
    Отандық шикізатты пайдалану арқылы отандық өнім шығару үшін кәсіпорындар мен зауыт-фабрикалар салу. Әр отбасынан азаматтарды жұмысқа тарту және жоғары жалақымен қамтамасыз ету. Ауданнан шығатын өнімдерді басқа өңірлерге тасымалдау, жеткізу, сату мәселелеріне жол ашу. Әрбір азаматымыз үшін бизнес бастауына мүмкіндіктер ашу. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауылдарға білікті мамандар тартуға ықпал ету.
  5. Спорт.
    Жалпы халықтың спортпен айналысуы ел халқының дені сау болуына әсер етеді. Денсаулығы мықты ұлт қана мәңгілік ел мұратын орындай алатын толыққанды азаматтан тұрады. Қазақстан ұлттық дәстүрлі спорт түрлерін (көкпар, бәйге және т.б.) дамыту. Спорттық кешендер ашу және жастарды спортқа баулу. Тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, стрит-воркаут спорттық құрал-жабдықтар орнату.
    Құрметті де қадірлі жерлестер!
    Егер маған сеніммен қарап, дауыс берсеңіздер, Алланың қалауымен еліме, жеріме, Қазақстаныма 25 жылдық бизнестегі тәжірибемді пайдаланып, қызмет етуге дайынмын! Сайланған жағдайда менің жоспарым Сіздердің ұсыныстарыңызбен толықтырылады!

Қазығұрт ауданы