UStudy тестілеу орталығының мәліметтері бойынша, Ұлттық біліктілік тестілеуінің шекті балын 333 мұғалім ғана жинай алды. Мұғалімдердің 88%-ы біліктілік емтиханынан құлап қалды.
2020 жылдың қыркүйегі оқушылар үшін ғана емес, олардың ата-аналарына да қиын болды. БҒМ 16-21 қыркүйек аралығында қосымша білім беру мұғалімдерінің білім деңгейін тексерді. Тестілеуге 2802 адам қатысты. Ustudy тестілеу орталығының директоры Олжас Құспеков емтиханды сәтті тапсыру үшін нарықта сынақ тестілер болуы керек дейді.
— Барлық тестілерді Білім министрлігі мен Ұлттық тестілеу орталығы таратады. Бірақ біз оларды әлі алған жоқпыз. Олар мұғалімдер өздерін тексеріп, аттестацияның бірінші турынан сәтті өтуі үшін қажет.
Тестілеудің егжей-тегжейі
Құспековтың айтуынша, әдетте мұндай тестілерді тек орта мектептің пән мұғалімдері ғана тапсырған. Министрлік осы емтихандар жүйесін пысықтады. Бірақ 2020 жылдан бастап БҒМ-нің №83 бұйрығына сәйкес қосымша білім беру педагогтерін қоса алғанда, алты санаттағы педагогикалық қызметкерлер де ҰБТ тапсырады.
Қыркүйек айының басында Олжас Құспеков БҒМ ҒК тест өткізу күнін үнемі ауыстырып отыратынын айтты. Тестілеу кестесі белгілі бір уақытта шықпайды, тест тапсырмалары жоқ. Нәтижесінде UStudy-де жоспарлы тестілеу белгіленген мерзімде өткізілмейді.
— Мұғалімдер көпшілігі облыс орталығынан 300-400 км қашықтықта тұрады және екі бағытқа билет сатып алу, қалада пәтер немесе қонақ үй жалдауға байланысты шығындарды өз қалталарынан шығаратынын айтып шағымданды. Сонымен қатар, жолға да көп уақыт кетеді.
Тест орталығының директоры
министрлік осы санаты мұғалімдер тапсыратын тестілеу жүйесін пысықтауы қажет
деп есептейді.
— Бұл адамдардың көпшілігі үшін электронды форматта тест тапсыру жаңа тәжірибеге айналды. Тестілеу күніне дейін қандай пәндер бойынша тест тапсыратыны белгісіз болады.
Білім министрлігі берген мәліметке сәйкес мектепке дейінгі білім беру педагогтары 10 пән: музыка, дене шынықтыру, қазақ тілі және т.б. бойынша ҰБТ тапсырады. Бірақ бұл №83 бұйрыққа қайшы келеді. Бұл тізім кейіннен өзгертілді, педагогика мен психология пәндері қосылды. Білім министрлігі бұл мәселені қысқа мерзімде шешеді деп үміттенеміз.