«Біз – бандамыз!» – ҚР ІІМ полицейлердің видеосына түсініктеме берді

1352
Полицейлердің Жаңа жылмен құттықтаған видеосына қатысты ҚР ІІМ түсініктеме берді.
Министрліктің хабарлауынша, видеоны Қарағанды қаласындағы академияның бірінші курс жетекшісінің орынбасары түсірген.
«Видео 2018 жылдың 31 желтоқсанында түсірілген. Аталған фактіге байланысты қызметтік тексеру басталды. Видеоны түсірген қызметкер мен оның басшылары қатаң жазаланады, жұмыстан шығарылуы да әбден мүмкін», — деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

«Құрметті бауырлар, сіздерді кіріп келе жатқан 2019 жылмен құттықтаймын. Бауырларыма жұмыста өркендеп өсулерін тілеймін. Тамыр—таныстығымыздың көмегі ұрпағымызға да тисін. Достығымыз риясыз болсын. Біз – бауырлармыз, турасын айтқанда – бандамыз! Қазақстанымыз өркендей берсін, отбасымыз аман болсын», — деді видеодағы жігіт.
Кейін артындағы жас қызметкерлер «Ура!» айғайлайды.
«Қамшы» сілтейді