«Әйтенов жала жауып отыр!»: әкімдік алдында көпбалалы ана өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО)

1170

фото: видеодан скриншот

«Ұятсыздар, алмаған ақшаны «алды» деп, жемеген нәрсені «жеді» деп, қай беттеріңмен басшы болып отырсыңдар?!» — дейді көпбалалы ана.

Белгілі заңгер, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасына бүгін Шымкентте болған сұмдық жағдайдың видеосын жариялады, деп жазды paryz.kz.

«Шымкентте көп балалы ана әкімдік алдында өзін бензин құйып өртемекші болды! Өз құқығыңды талап етіп немесе шағым айтып барсаң, әкімдік өзіңді бопсалаушы, өтірік айтушы қылып шығарады! Бүгін күні бойы әкімдік парақшалары мен кейбір журналистер Шымкент қаласындағы көпбалалы аналарды масқаралап жатқан еді! Міне, әйелдер жағынан «ответка» соңы қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін еді! Әйтенов, көпбалалы аналардың ақшасын санауға ұялмайсың ба?» — дейді заңгер.

Ал видеода әйелдер зар еңіреп, әкімдіктің алдын азан-қазан шу етіп жатыр.

«Ұятсыздар, алмаған ақшаны «алды» деп, жемеген нәрсені «жеді» деп, қай беттеріңмен басшы болып отырсыңдар?! «Балық басынан шіриді» деп бекер айтылмайды ғой. Анаңды сыйламасаңдар, кімді сыйлайсыңдар сендер?!» — деп көз жасына ерік берді көпбалалы аналардың бірі Гүлжан Сарқұлова.

Ал сол жердегі тағы бір әйелдің айтуынша, әкімдік оларға 200 мың теңгеден берілді деп жала жауып отырған көрінеді.

«Жалған мәлімет беріп, бәрімізді қаралап, менің бала-шағамның намысына тиіп отыр Мұрат Әйтенов!», «Не бетіммен барамын үйге? Не бетіммен?! Қайыршы құсап, акиматтан сұрадым деп барам ба?» деген жанайқайлардан құлақ

https://www.facebook.com/100007981087790/videos/2828910194051656/