ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

1395

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі негізінде Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов тағайындалды,-деп хабарлайды ardak.kz ақпараттық агенттігі

 Ғабит Патшаханұлы 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Халықаралық құқық және нарық академиясын, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін,  Қазақ экономика, қаржы және сауда университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер, қаржыгер және экономика, бизнес магистрі. 

 Еңбек жолын 2000 жылы Прокуратура органдарында прокурор көмекшісі болып бастаған.  

2002-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппаратында  референт, консультант, бас  сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі болып жауапты лауазымдарды атқарған. 

2016-2018 жылдары Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 

2018 жылдың шілдесiнен бүгінге дейін Шымкент қаласы  Әл-Фараби ауданының әкімі ретінде абыройлы қызмет атқарып келді. 

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі