Трамп «әділ бейбітшілікке» қол жеткізе ала ма?

393

Abai.kz оқырмандарының талқысына Ресйе мен Укарина арасында үшінші жыл жалғасып жатқан соғысқа қатысты маңызды ақпараттарға шолу ұсынамыз…

ТРАМП «ӘДІЛ БЕЙБІТШІЛІККЕ» ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ МЕ?

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Украинада әділ және тұрақты бейбітшілікке ұмтылады. Бұл туралы Fox арнасына берген түсініктемесінде жаңа әкімшілікте АҚШ-тың Украина мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметін атқаруы тиіс генерал Кит Келлог мәлімдеді.

«Президент Трамптың қанқасап ұрысты тоқтатып, аймаққа бейбітшілік әкелуді қалайтыны өте-мөте орынды. Бұл оның халықаралық саясатының басты басымдығы болып табылады. Бірақ ол әділетті бейбітшілікті қалайды. Ол тұрақты болады. Ол қауіпсіз болады», — деп сендірді Келлог.

Ол сондай-ақ Украинадағы орнықты бейбітшілікке қол жеткізу әрекеттеріне арналған Минск процесінің «сәтсіз аяқталғанын» атап өтті.

«Ол (Трамп) өзінің одақтастарымен, сондай-ақ Владимир Путинмен қарым-қатынасының маңыздылығын түсінеді. Және ол мұны аяғына дейін жеткізе алатын адам», — деп сендіреді Келлог.

УКРАИНА КУРСКІДЕ РЕСЕЙ ОФИЦЕРЛЕРІН ЖОЙДЫ

Украина Курск қаласында жоғары лауазымды ресейлік офицерлерді жойды. Ресейдің Курск облысындағы Льгово қаласындағы ресейлік армияның 810-шы бригадасының командалық пунктіне Украина соққы жасап, нәтижесінде бригада командирінің орынбасары және тағы 17 ресейлік әскери қызметші қаза тапты. Олардың көпшілігі — штаб офицерлері. Соққы 25 желтоқсанда жасалды.

Сонымен көзі жойылған жоғары лауазымды офицер кім?

Ресей армиясының Курск облысындағы штабына Украина HIMARS-пен соққы жасады. Бұл соққыдан РФ ҚК теңіз жаяу әскерлері 810-шы бригадасы командирінің орынбасары подполковник Сәлім Паштовтың көзі жойылды.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС: ТРАМП ПУТИНМЕН КЕЗДЕСУДІ КҮТІП ОТЫР

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинмен Украинадағы қақтығысты шешу жөніндегі кездесуді күтетінін айтты. «Президент Путин менімен тез арада кездескісі келетінін айтты. Сондықтан біз мұны күтеміз, бұл соғысты тоқтатуымыз керек», — деді ол.

ЕРДОҒАН КЕЛІССӨЗ АЛАҢЫ РЕТІНДЕ ЫСТАМБҰЛДЫ ҰСЫНАДЫ

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның әкімшілігі Ресей мен Украина арасында қайтадан Ыстамбұлда өтуі мүмкін бейбіт келіссөздерді бастау үшін қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Қыркүйекте Ердоған «белгілі бір лоббилер» Түркияның Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі Ыстамбұлдық бастамаларына саботаж жасағанын мәлімдеді. «Ыстамбұлдағы келіссөздер Түркияның белсенді рөлінің табысты екенін дәлелдеді. Алайда белгілі бір лоббилер бұл күш-жігердің өз мақсатына жетуін қаламады», — деді Ердоған әкімшілігі.

ОРЫС-УРАИН СОҒЫСЫ: МАЖАРСТАН МЕН ИТАЛИЯ ҚАНДАЙ ОЙДА?

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан«Украинадағы соғыс 2025 жылы аяқталады», — деп мәлімдеді.

Орбан: «Үш-ақ нұсқа бар. Соғыс 2025 жылы аяқталады. Соғыс не бейбіт келіссөздермен аяқталады немесе соғысушы тараптардың бірі екіншісін толық жояды», — деп мәлімдеді.

Орбанның айтуынша, бұл жыл тек Украина үшін ғана емес, жалпы әлем үшін де «шұғыл бетбұрыс жылы» болады.

Бұл жолы Мажарстан премьері Америка мен Еуропа соғысқа шамамен 300 миллиард еуро жұмсағанын айтты. Оның пікірінше, бұл өмір сүру деңгейін жақсарту, көші-қонды тоқтату және жаңа еуропалық қорғаныс жүйесін құру үшін «негіз» бола алатынын атап өтті.

Италия үкіметі Украинаға әскери көмек көрсету туралы декретті мақұлдады. Италия Үкіметі оның ішінде әскери көмек көрсетуді тағы бір жылға, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы декретті мақұлдады.

РЕСЕЙ СОҒЫСТЫҢ АЯҚТАЛУЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙДЫ

«Украинамен соғыстың 2025 жылы аяқталуын жоққа шығаруға болмайды», — деп мәлімдеді Мемлекеттік Думаның қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов.

Картаполов Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбанның Украинадағы соғыс 2025 жылы тараптардың бірінің «жойылуымен» аяқталуы мүмкін деген мәлімдемесіне осылай жауап берді. «Орбан не айтқанын біледі, сондықтан киевтік шіріген нацистік режимді жойып жіберетін уақыт келді», — деді Қартаполов.

Әбіл-Серік Әліакбар