“Пистолет тақап тұрып жаздырды” Қайрат Түнтеков 2012 жылғы оқиғаның шындығын айтты

1274

Бұл туралы «TalkLike» бағдарламасында айтты,-деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

— 2012 жылы 28 желтоқсан есіңде ме?!

— Менде ДТП болған жыл. Депрессия жылы. Қазір күліп есіме алып отырмын иә?!  Бірақ ол кезде қатты қиналдым. 40 күн отырып шықтым. Қазір бүгінгі уақыттың көрсеткішімен қарасақ болмайтын нәрсе екен ғой. Бірақ сол кезде шулап әдейі көтеріліп кетті ғой. Меніңше жоғары жақтың бұйрығы болу керек, сол менің сәтсіз оқиғам орын алғанда. Өйткені қысым, бәлеқорлық өте көп болып кетті. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын енді. Пистолетпен тақап тұрып маған қолхат жаздыртты. 60.000 доллар жаздыртып алды қару арқылы. Кейіннен білдім бір министр қолға алған екен осы істі. Солардың таныстары ма апатқа ұшыраған қыз, сондай бір байланыстар бар. Ештеңе болған жоқ оған, қанша рет кешірім сұрап та бардым. Полиция қызметкерлері келмей жатып. Бірақ сол 60.000 долларды жаздыртып алды ғой меннен. Біраз қашып жүрдім, іздеуде жүрдім. 18 адам өлтіріп қойған сияқты іздеді ғой мені.  Таң қалдым шынымен. Футболдан шыққан едім, бір таныс кісі хабарласты жолығайық мында келші деп, барсам ұстап жаңағыларға бергені бар. Содан 40 күнге тықты. Ешкімді жолатқан жоқ. Анамды да кіргізбеді тіпті. Маған ілген ақшаны толығымен қайтардым қысқасы. Одан кейінде мені қысты. Біраз нәрсені бастан өткеріппін ғой.

ДТП -дан қалған қарыз бар еді. Оны төлей алмай біраз жүрдім. Содан Шымкентке көшіп кеттім. 2018 жылы «I»m singer» жобасына қатысып, содан жеңген ақшаны соңғы қарызыма беріп құтылдым ғой қысқасы. Содан бір-ақ жеңілдедім ғой. Бірақ екі микроинсульт алып үлгердім ғой.

Жүрекке қанша қабылдайтын адам болғанымен әнші бұл сынаққа сынбағанын айтты. 2018 жылы өзіне келіп, есін жинағанын жеткізді.