Шымкентте «Балаларға бақыт сыйла» іс-шарасы өтті

758

Бүгін Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Балаларға бақыт сыйла!» іс-шарасы өтті. 

Оған әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан 5-12 жас аралығындағы 40 бала қатысты. Игі шараның мақсаты бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау, танымдық өрістерін кеңейту болып табылады.

Экскурсия барысында балаларға «Шымқала» тарихи-мәдени кешені таныстырылып, зообақты аралатты. Ойын алаңшасындағы аттракциондарға ойнатып, арнайы сыйлықтар табысталды. Мұндай іс-шара ертең де жалғасын табады.