Nur Otan партиясының қалалық филиалында елорданың Нұр-Сұлтан аталуын қолдау форумы өтті

1270
Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалында еліміздің бас қаласын Нұр-Сұлтан деп аталуын қолдау мақсатында бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті.
Форумға қатысушылар алдымен 27 наурызда Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мəжілісті Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізді. Жиынға Саяси кеңес мүшелері, мəслихат депутаттары, БПҰ төрағалары, Жас Отан ЖҚ мүшелері, қалалық партия қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ