«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

798
Шымкент қаласында «Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында 2021 жылдың бірінші наурызынан бастап (Футбол, волейбол, баскетбол, шахмат) спорттық ойындар бастау алған болатын.
Алдымен баскетболдан финалдық ойындар өтіп, чемпиондар анықталды.
Ойынның қорытындысы бойынша М.Х.Дулати атындағы №8 үш тілде оқытатын мамандандырылған гимназия мектебі 1-орынды жеңіп алды. Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі 2-орын, №28 жалпы орта білім беретін мектебі 3-орынға ие болды.
Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, бұқаралық спортты дамытумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Жастар лигасының берері мол. Қаланың 140-қа жуық білім ошақтарының спортқа жаны жақын оқушылары қатысып жатқан сайыста жанкүйерлер командасын құру да көзделген.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысушыларға қолдау білдіріп, үздік ойын-өрнегін көрсеткен командаларды жеңісімен құттықтады.
Жеңімпаз атанған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 1 маусым күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өтеді.