ШЫМКЕНТТЕГІ ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫ БАЛАЛАРҒА ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

779
«Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы Халықаралық балалар күніне орай балалар туризмін дамыту мақсатында арнайы іс-шара ұйымдастырды. Арбат алаңында өткен шарада балақайлардың туған өлкені тереңірек тануға арналған сайыстар мен ойын-сауықтар болды. Балалар туризмі – жасөспірімдердің туған өлкені танып-білуге, олардың табиғатпен ұдайы байланысын арттыратын саяхаттың ерекше бағыты.
Ақпараттық орталық қызметкерлері балалардың зейінін және ойлау қабілетін арттыратын викториналық сұрақтар қойып, жасөспірімдерге өлкетану бағытында ақпараттар берді. Арнайы әзірленген сауалдарға жауап берген жеңімпаздарға демеушілер тарапынан сыйлықтар үлестірілді.
«Бүгінгі таңда жастар мен жасөспірімдер туризмі мен өлкетануды дамыту өзекті мәселердің бірі. Халықаралық балалар күні мерекесіне орай «Shymkent Tourism Center» ақпараттық орталығы балалар мен ата-аналарға ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында шараны қолға алып, жүзеге асырдық. Ең бастысы балалардың жүзіндегі шынайы қуаныш пен ата-аналардың алғысы» — дейді орталық өкілі С.Нариманова.
Сондай-ақ, іс-шара барысында 50-ге жуық бүлдіршінге аквагримерлер ақысыз өрнек салып мерекелік көңіл-күй сыйлады.