ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖАНДАНДЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН 50 АЗАМАТ МАРАПАТТАЛДЫ

724
Бүгін Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай «Біздің Ту, Біздің Елтаңба, Біздің Әнұран» мерекелік жастар акциясы өтті.
Акция аясында мемлекеттік жастар саясатын жандандыруға үлес қосқан әр түрлі саладағы 50 азамат қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның алғыс хатына ие болды.
Алғыс хатты қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы М.Манатбек жоғары және орта арнаулы оқу орны, құқық қорғау, емдеу ісі, спорт, отбасы банк және бизнес саласында елеулі еңбек атқарған жастарға табыс етті.
Еске сала кетейік, Шымкентте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай эстафета түрінде автокөліктер шеруі басталды.
Іс-шараның мақсаты — мемлекеттік рәміздердің еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі екенін, сондай-ақ халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгі ретінде таныту.
Әрбір белгіленген орында тұрғындарға рәміздерге байланысты сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға «QAZAQSTAN» шоколады табысталады.