ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ — ЖАСТАР

941

Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз жастарды қолдауға басымдық беріп, осы бағытта көптеген шаралардыы жүзеге асырды. Әсіресе, соңғы уақытта ел жастарына көңіл бөлу, оларды барынша жанжақты қолдау ісі ерекше қарқын алды.

Статистикаға сүйенсек, мегаполис халқының 239 мыңнан астамы – жастар. Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы бүгінде мыңнан астам бағдарлама қатысушысына жолдама берілді. Олардың қатарында медбике, фельдшер, экономист, қаржыгер, бухгалтер, тіс дәрігері, кадастр, техник мамандар бар. Жыл соңына дейін 2500 жасты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін тілек білдіруші enbek.kz порталында электронды цифрлы қолтаңба арқылы жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Сонымен қатар тұрғылықты мекенжайындағы жұмыспен қамту орталығына бара алады.

– Кейбір жастар диплом алғасын мамандығы бойынша жұмыс таппай, уақыт жоғалтады. Жұмыс тәжірибесін жинау үшін мемлекет 6 айлық «Жастар тәжірибесін» ұйымдастырады. Ол бағдарлама мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бітіргеніне 3 жыл толған және 29 жастан аспаған жұмыссыз түлектерге арналған. Биылғы жалақы мөлшері 25 айлық есептік көрсеткіш шамасында. Бұл дегеніңіз – 72 мың теңге, – дейді қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Сұңғат Абдуллаев.

Шымкентте жуырда «Алғашқы жұмыс орны» жобасы басталды. Жоба шартына сәйкес жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жоғарғы оқу орны немесе колледж түлегін 2 жылға жұмысқа орналастыру туралы шарт жасасады. Экологиялық үстемеақы төлемін қоспағанда жергілікті бюджеттен субсидиялаудың бір айдағы мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішке тең. Жұмыс беруші жұмыс көлемі мен күрделілігіне қарай қажетінше өз қаражаты есебінен қосымша үстемеақы белгілейді. Еңбекақының алғашқы біржылдық бөлігін мемлекет  субсидиялайды. Қазіргі таңда 50-ге жуық жас бағдарлама аясында қала аумағындағы мекемелер мен кәсіпорындарда жұмысқа орналастырылды.

NARKESKEN.KZ