БАЛА ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА ЖОЛ ЖОҚ!

1981

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» Ұлттық Ақпараттық науқаны өткізілді. Республикада жыл сайын бала еңбегін қанаудың алдын — алу және ескерту маңыздылығы артуда. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне сәйкес Қазақстан Республикасында бала еңбегін қанаудың түрлері және саласына: ауыл шаруашылығында, құрылыста, жеке меншік өнеркәсіптерде жасына қарамастан келісім шарттарын бұзу арқылы бала еңбегін қолдану жатады. Бала еңбегін қанаудың ең нашар түрін жоюдың тиімді механизмдері барлық мүдделі мемлекеттік органдардың БАҚ, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым- қатынасы болып табылады. Осы науқанға байланысты Энергетика және байланыс колледжінің кітапхана меңгерушісі Назанова Салтанат Сүгірәліқызы балаларға деген зорлық зомбылықты, бала еңбегін жою мәселесі жөнінде әдістемелік, нормативтік құқықтық әдебиеттерінің «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қойылған кітаптармен топ студенттеріне таныстырылып, шолу жасалынды. Кітап көрмесінің мақсаты: Бала еңбегін қанаудың алдын-алу, ескерту және жою.