Аурухана басшылығы қармағындағылардан 3,1 миллион теңге пара алған

1283

Алматы облысында Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының басшысы, екі орынбасары мен екі мейірбике қарамағындағы медицина қызметкерінен ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, — деп хабарлады Антикор баспасөз қызметі.

«Алматы облысында Еңбекшіқазақ көпсалалы ауруханасының басшысы, екі орынбасары және екі мейірбике коронавирусқа қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізуге рұқсат беруді қамтамасыз еткені үшін қарамағындағы 25 медицина қызметкерінен жалпы сомасы 3,1 миллион теңгеге жүйелі пара алуда әшкереленді. Аурухананың осы бөлігіндегі жұмыс медицина қызметкерлерінің еңбекақысына үстемақы алуға мүмкіндік берген», — делінген хабарламада.

Олар әр адамнан 100-150 мың теңгеге дейін алып отырғаны хабарланды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбады. Алайда бұл мұндай жалғыз дерек емес. Қостанай облысында Қамысты жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының фельдшері үстемақы алу үшін 103 пультіне жалған қоңыраулар шалып, науқастарға бару туралы жалған есептер шығарғаны, пара алу схемасын ұйымдастырғаны анықталған.

«Мұның бәрі медицина қызметкерлері мен жүргізушілерге қосымша төлемдер алуға мүмкіндік берді, ол қаражаттың бір бөлігі қолма-қол ақшамен және банк картасына аудару арқылы фельдшерлерге берілген», — дейді Антикор өкілдері