Егер қазақстандықтардың 60%-ы вакцина алмаса, локдауннан қашып құтыла алмаймыз – дәрігер

844

Шілде коронавирустық инфекциялар санының күрт өсуінен басталды – жаңа штамм біздің елге де жетті: күніне 2 590 жаңадан вирус жұқтырғандар.

Жалғыз жол

Дәрігер және медицина ғылымдарының кандидаты Маржан Әбсеметова вакцинация — вирус жұқтырудың өршуін төмендетудің және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың жалғыз жолы екеніне сенімді.

Бүгінгі таңда 3,5 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Салыстырмалы түрде алсақ, АҚШ-та ересек тұрғындардың 70%-дан астамы коронавирусқа қарсы екпе алған.

— Қалай болғанда да вирусты бәрі жұқтыратынын түсіну керек. Бірақ мен өзіңді және жақындарыңды қорғау үшін вакцина алуды ұсынамын

Вакцинация 100% болмаса да, қандай да бір деңгейде қорғайды. Егер сіз вакцина алған жағдайда да вирус жұқтырсаңыз, аурудың белгілері жеңіл түрде байқалады.  Мен өзім вакцина алдым және екі кезеңді де жеңіл өткіздім. Басында вакцина алғысы келмеген көптеген таныстырымыз, менің ұсынысым бойынша, вакцина алды.

Таңдау және салдары

— Менің байқауымша, жастар аға буынға қарағанда вакцинаны ауыр қабылдайды.

Егер халықтың шамамен 60%-ы екпе алған болса, жаңа локдаунды болдырмауға болатын еді. Егер вакцинация қарқыны өспесе және науқастар саны көбейсе, күзде тағы да қатаң шектеулер күтуі мүмкін

Өкінішке орай, біздің азаматтар вакцина алуға шақырғанымызбен өте баяу қимылдауда”, — дейді дәрігер.

Сонымен қатар, вирус мутациялануын жалғастыруда – жаңа әрі әлдеқайда қауіпті штаммдары табылуда. Бүгінгі таңда, мысалы, “дельта” деп аталатын үнділік штамм қорқыныш тудыруда.

Сондықтан вакцина алу вирус жұқтырудан қорғайды, бірақ қосымша қорғаныс үшін, Әбсембетованың айтуынша, иммунитетті көтеру керек. Ол үшін дәрігер жазда көкөністер мен жемістерді жеткілікті мөлшерде жеп, ағзаны дәрумендермен қанықтыруды ұсынады.

Құрамында С дәрумені көп болгар бұрышына артықшылық беру керек

– D дәруменін алу үшін күн сайын кем дегенде жарты сағат таза ауада және күннің астында өткізуге тырысу керек. Таңғы 10-нан 12-ге дейінгі уақытты таңдау керек, ол уақытта соншалықты ыстық емес. Сұйықтықты көбірек ішуді ұмытпаңыздар – күніне кемінде 1,5 литр. Содан кейін әрине, қауіпсіздік шараларын есте сақтаңыздар. Көшеден келдің бе – қолыңды мұқият жу, – деп қорытындылады дәрігер.

Вакцинация ең алдымен созылмалы аурулары бар адамдарды қорғайды – дәрігер