Шымкентте ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі жарнамалары жойылды

789
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, Шымкент ҚПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық Жастар ресурстық орталығының өкілдерімен бірлесіп нашақорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шара ұйымдастырды.
Шараға еркін күрестен Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы Әкбар Елубайұлы қатысты. «Спортшылар есірткіге қарсы!» — деп ұрандатқан спорт шебері барша қазақстандықтарды есірткіден аулақ болуға, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Іс-шараның барысында Б.Момышұлы және 1-мамыр көшелерінде орналасқан ғимараттардың сыртқы қабырғаларында есірткі заттарын насихаттайтын жалпы 19 графикалық жазбалар анықталып, жойылды.
Аталған профилактикалық жұмыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, халық арасында есірткіге қарсы иммунитетті күшейту, есірткінің заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу болып табылады.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.