Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан елінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1 090 200 адамға жетті. Олардың ішінде жастардың үлесі жалпы халық санының 22,2%-ын құрайды. Яғни үшінші мегаполисте 239 443 жас бар. Шымкентте 9 жоғары және 38 арнаулы оқу орны болса, онда жалпы 113 881 студент білім алады. Оның ішінде күндізгі бөлімде 94 370, сыртқы бөлімде 13 795, кешкі бөлімде 5 516 студент білім алуда. 2020-2021 оқу жылында жоғары оқу орындарын 31 551 студент тәмамдады.