ҚАЛА ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

829
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу және діни сергектік» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы бойынша «Ақ ниет – ақпараттық — насихаттау және оңалту орталығы ҚҚ аймақтық өкілдігінің басшысы Тайтелиев Файзулла және Энергетика және байланыс колледжінің студенттері қатысты.
Аталмыш шара барысында бүгінгі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – дін саласындағы түрлі діни ағымдардың қаптап кетуі. Қазіргі таңда кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарға ерекше әсер етіп, адамдардың негізгі құқықтарына нұқсан келтіріп ұдайы адастырумен келетіндігі жайлы айтылды. Сондай-ақ сала мамандары қазіргі уақытта в контакте, инстаграм, ютуб, телеграм және де уатсап желілеріндегі келетін діни ақпараттар келген кезде арнайы мешіт имамдарының және теолог мамандарының көмегіне жүгінген дұрыс деп санайды.