Тауарлармен электронды сауда , жаңа мүмкіндіктер туралы сыбайлас жемқорлық туралы

1233
Тауарлармен электронды сауда жасайтын, яғни арнайы сайттарды, сонымен қатар әлеуметтік желілерде сауда-саттықпен айналысатын салық төлеушілер үшін Салық кодексімен 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап,интернет сауданы қолдану мақсатында,корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығына жаңа жеңілдіктер қарастырылды.
Интернет арқылы сауда жасаушылар (тауарлармен электронды сауда) –бір мезгілде мынадай шарттарды сақтаған кезде :
-Тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді рәсімдеу электрондық нысанды жүзеге асырылса;
-тауар үшін ақы төлеу қолма -қол емес төлеммен жүргізілсе;
-тауарларды сатып алушыға жеткізетін өз қызметі болса, не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курерьлік немесе почталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен келісім -шарттары болса корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден босатылады.
Сонымен қатар, жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 % құраған жағдайда қолданылады.Осы шарттар сақталмаған кезде салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдануға құқылы емес.
Сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер тауарлар үшін ақы төлеуді қолма -қол емес төлеммен жүргізсе , патент құнына кіретін жеке табыс салығының мөлшері екі есе азаяды, яғни 2 % орнына 1 % төлейді.
Аталған жеңілдіктерді пайдалану үшін , тауарлармен электронды сауда жасайтын тұлға, бірінші кезекте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұруы қажет және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жолдауы тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат өмірдің түрлі салаларына сыбайлас жемқорлықты әрекет жасап итермелеп, мүмкіндік туғызатыын себептер мен жағдайларды барынша азайтуды жүктейді.
Бәйдібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Керімбаев Арон Батырбекұлы.