ЕЭО мүше мемлекеттердің аумағынан ҚР аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар туралы

1380
?????????????????????????????????????????????????????????
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабының талабына сәйкес, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 371 бабының талабына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелiнетiн немесе әкелiнген (осы Кодекстің 399-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда), Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялауға жататын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Cондай-ақ, Салық кодексінің 327 бабының 2-ші тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын тұлғалар, қосыша құн салығын төлеушілер болып табылады.
Осыған орай, салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Мемлекеттік кірістер органдары арқылы салық төлеушіден оның салық міндеттемесін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, осы Кодексте көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат өмірдің түрлі салаларына сыбайлас жемқорлықты әрекет жасап итермелеп, мүмкіндік туғызатыын себептер мен жағдайларды барынша азайтуды жүктейді.
Жоғарыдағының негізінде, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде туындайтын салық міндеттемелерін орындау бойынша, Сізге, Шаян ауылы, Б.Қарашаұлы көшесі, № 85 үйде орналасқан Бәйдібек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау және өндіріп алу бөліміне жүгінуге болатынын хабарлаймыз.
Бәйдібек ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің бас маманы А.Керімбаев