Түркия Ресеймен соғысуға дайын екенін мәлімдеді

981
Ердоғанның кеңесшісі Түркияның Ресеймен 16 рет соғысқанын және тағы да соғысуға дайын екенін мәлімдеді.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның кеңесшісі әрі қауіпсіздік және ішкі саясат жөніндегі президенттік комитет мүшесі Месут Хакки Түркияның Ресеймен соғысуға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
28 ақпанда A Haber телеарнасының тікелей эфирінде Ердоғанның кеңесшісі Түркияның Ресеймен 16 рет соғысқанын және тағы да соғысуға дайын екенін мәлімдеді. Хакки 25 миллион мұсылман тұратын Ресейдің «өз ішінен бөлшектелетінін» мәлімдеді. Ол Түркияның кегі қорқынышты болатынын айтты. Шенеуніктің айтуынша, Түркия Сирия мен Иракка, күрдтер мен арабтарға жау емес. «Біз олардың бауырымыз. Мұнда бауыры бауырын өлтірмеу үшін осындамыз», — деді ол.
Хакки Мәскеудің тура жолмен келе жатпағанын және Анкараның сенімінен айырылғанын да қосты. Ердоғанның кеңесшісі Сирияның Идлиб елді мекенінде 27 ақпанда сириялық әскери әуе күштерінің шабуылы кезінде 33 түрік әскериінің қазасына осылайша пікір білдірген.
28 ақпанға қараған түні Түркия әскері сириялықтардың Идлибтегі позицияларына қайтара шабуыл жасаған. Сирия әскерилері «Бук» және «Панцирь» кешендерін, 23 танкті, сонша құрлықтық және өздігінен жүретін құралдарды, сондай-ақ бес тікұшағынан айырылды.
Ресей Қорғаныс министрлігі өкілдері өз кезегінде түрік әскеріне жасалған шабуылдың себебі деп олардың Сирия әскері позициясына келген содырлардың арасында қалып қойғанын және өз координаттарын бермегенін атаған. Түркия болса Ресеймен іс-қимылды үйлестіру бойынша келісімге қарамастан, позициялар бойынша соққылар жасалғанын мәлімдеген.
Идлибтегі жағдайдың шиеленісуі аясында Владимир Путин Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерімен жедел кеңес өткізген. Отырысқа қатысушылар жағдайдың күрт ушығуына аса алаңдап, соңғы күндердің риторикасына қарамастан, Түркиямен келіссөздердің жалғасуын қолдайтынын атап өтті.