Путин өзін Петр патшаға теңеді

1553

Ресей І Петр патшаның туғанына 350 жыл толуын атап өтіп жатыр. Соған орай өткен жас кәсіпкерлермен кездесуде Владимир Путин Петр патшаның тарихтағы рөліне қатысты лекция оқыпты.

«1700-1721 жылдардағы солтүстік соғыс кезінде орыс императоры І Петр Швеция аумағын тартып алған жоқ, тек байырғы орыс жерін қайтарды және бекітті. Сондықтан біздің маңдайымызға да орыс жерін қайтару мен бекіту жазылған», — деді.

Ол өзін орыстың ең атақты әрі қатал билеушісі І Петрге теңеген.

Путиннің айтуынша, І Петр басып алған қазіргі Эстония және Латвия аумағының жерлерінде байырғы кезден славян халықтары тұрған және орыс мемлекеті әрқашан бұл жерлерді бақылауында ұстаған. Ол сонымен қатар Санкт-Петербург қаласын Еуропа елдері Ресей жері деп танымағанын айтқан.

Жиында Украинаның Херсон және Запорожский облыстарына басшылыққа Ресей өз адамдарын тағайындағаннан кейін, бұл аймақтарда Ресей құрамына кіру жөнінде референдум болатыны айтылды.

Бүгінде Ресей Херсон мен Запорожск облысының басым бөлігін қол астына алды. Ал Запорожье қаласы Украинаның бақылауында тұр.

Abai.kz